Қазақстан халық партиясы кезектен тыс Президент сайлауында Тоқаевтың кандидатурасын қолдайды

915

Астанада өткен жиында партия мүшелері жиын өткізіп, бірауыздан қазіргі Президентті үміткерлікке ұсынды деп хабарлайды inbusiness.kz.

Қазақстан халық партиясы кезектен тыс Президент сайлауында Тоқаевтың кандидатурасын қолдайды

Партия төрағасы Ермұхамет Ертісбаев Съезде: "Біз Қасым-Жомарт Тоқаевты тек қана қолдап қана қоймаймыз, біз алдағы кезектен тыс өтетін Президент сайлауына ұсынамыз", – деп мәлімдеді.

Кезектен тыс Президент сайлауы Қазақстанда 20 қарашада өтеді. Президенттікке үміткерлерді тіркеу 10 қазанға дейін жалғасады.

"Қазақстан Халық партиясы" қоғамдық бірлестігі – социалистік идеология мен солшыл идеяларды қолдайтын Қазақстан Республикасы азаматтарының ерікті бірлестігі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу