Алты партияның екеуі мәжіліске баратын депутаттарды анықтады

782

Қазақстан Халық партиясы мен "Ақ жол" партиясы Мәжіліске баратын депутаттарды анықтады.

Алты партияның екеуі мәжіліске баратын депутаттарды анықтады Фото: Ulysmedia.kz

Қазақстан Халық партиясының орталық кеңсесінде партия төрағасы Ермұхамет Ертісбаевтың басшылығымен Саяси бюроның кезектен тыс отырысы өтті.

Басқосу барысында партиялық тізім бойынша VIII шақырылымдағы Парламент Мәжілісінің депутаттығына сайланған кандидаттарға депутаттық мандат бөлінді.

Нәтижесінде Парламент Мәжілісінің депутаттығына ҚХП атынан сайланған депутаттар:  

  • Магеррам Магеррамов;
  • Ирина Смирнова;
  • Гаухар Танашева;
  • Кенжеғұл Сейтжан;
  • Ислам Сұңқар.

Сондай-ақ, бүгін "Ақ жол" демократиялық партиясының Ұлттық кеңесінің пленумы өтті. Онда Парламент Мәжілісінің сегізінші шақырылымындағы депутаттарды сайлау қорытындылары талқыланып, депутаттық мандаттар бөлінді.

Пленумның бірауыздан шешім шығаруымен Мәжілістің депутаттық мандаттары келесі кандидаттарға сеніп тапсырылды:

  • Барлыбаев Ерлан Хайланұлы - экономист, Парламент Мәжілісінің VII шақырылым депутаты;
  • Бейсенбаев Ержан Алмабекұлы – жас бизнесмен, "BIGLIFE" ЖШС тәуелсіз директоры, Жетісу облысы;
  • Еспаева Дания Мәдиқызы - қаржыгер, Парламенті Мәжілісінің VII шақырылым депутаты;
  • Иса Қазыбек Жарылқасынұлы – ақын, партия төрағасының орынбасары, Парламент Мәжілісінің VII шақырылым депутаты;
  • Перуашев Азат Тұрлыбекұлы – партия төрағасы;
  • Садықов Асқар Аманбайұлы – бизнесмен, партияның облыстық филиал төрағасы, Ақтөбе облысы.
Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу