Қазақстан халық партиясының төрағасы "Ауыл" партиясынан президенттікке үміткер туралы пікір білдірді

Ермұхамет Ертісбаев Жигули Дайрабаевтың президенттік сайлауда жеңіске жету мүмкіндігіне баға берді, деп хабарлайды inbusiness.kz. 

Қазақстан халық партиясының төрағасы "Ауыл" партиясынан президенттікке үміткер туралы пікір білдірді

Қазақстан халық партиясының съезінде Ермұхамет Ертісбаевқа "Ауыл" партиясынан президенттікке үміткер Жигули Дайрабаевты танисыз ба?" деген сұрақ қойылды.

Партия төрағасы Дайрабаевты жеке танымайтынын айтты. 

“Оның кем дегенде 5% дауыс жинауға мүмкіндігі бар ма?  Мен мүлде жоқ деп ойлаймын. Ол 0%-бен Гиннестің рекордтар кітабына енетін шығар, өйткені Астананың аты "Жигули" болып өзгертілгенін ешкім қаламайды", - деді Ермұхамет Ертісбаев.

Кейінірек ол айтылған ойын “бұл әзіл болатын” деп ақталуға тырысты. 

Еске сала кетсек, бұған дейін "Ауыл" партиясынан президенттікке үміткер Жигули Дайрабаевты өзінің ерекше есімі туралы түсініктеме берген. Оған әкесі "Жигули" тауындай ұлы азамат болсын деп осындай есім қойған екен.

Ал Ермұхамет Ертісбаевтың өзі сайлауға қатыспайды, ол партиясының кезектен тыс съезінде президенттікке кандидат ретінде Қасым-Жомарт Тоқаевты ұсынды.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу