Қазақстан халықаралық қауымдастықтың назарын газа секторындағы қиын жағдайға аударды

1000

Қазақстан халықаралық қауымдастықтың назарын газа секторындағы қиын жағдайға аударды

Қазақстан делегациясы БҰҰ қауіпсіздік кеңесінің Палестина мәселесімен қатар Таяу Шығыстағы жағдайы бойынша консультацияларына қатысты. Отырыста БҰҰ-ның Таяу Шығыс істері жөніндегі арнайы өкілі Николай Младеновтің брифингі тыңдалды, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі.
Қазақстан делегациясы Таяу Шығыс "квартетінің" (АҚШ, Ресей Федерациясы, БҰҰ және Еуропа одағы) жұмысын жаңартуды ұсынды. Сондай-ақ халықаралық қауымдастықтың назарын Газ секторындағы тұрақсыз және қиын жағдайға аударды. Қазақстан аталған мәселе бойынша АҚШ, Ресей Федерациясы және Мысырдың жуырдағы дипломатиялық күштерін қолдады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу