Қазақстанның кинологтар одағы Халықаралық кинологтар федерациясына толыққанды мүше болып қабылданды,деп жазады inbusiness.kz Хабар-24-ке сілтеме жасап.
Біздің елдің өтінімін Женевадағы Ұйымның Бас ассамблеясына кіретін 77 мемлекеттің 72-сі қолдап, дауыс берді. Кинологтарымыз осы шешімді қабылдату үшін 20 жылдан астам уақыт әрекет еткен. Енді Стандарттар жөніндегі комиссиямен бірлесіп, Қазақстанда Тазы мен төбеттің ұлттық орталығын ашу бойынша жұмыс жүргізілмек.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу