Қазақстан кадрларды дайындау мен оларды ұстап қалу, сонымен қатар шетелдік мамандарды тартудан халықаралық рейтинг бойынша Ресей мен Жапонияны басып озды, деп хабарлайды LS.
IMD World Talent Ranking халықаралық институтының мәліметі бойынша, Қазақстан бұрынғы орнынан 14 саты жоғарылап, 30-шы орынға тұрақтапты. Ал Ресей 43-ші орыннан жылжымаған көрінеді. Жапония 31 қатардан табылды.
IMD бірыңғай рейтингінде алғашқы орында Швейцария тұр. Алғашқы ондықта Дания, Бельгия, Аустрия, Финляндия, Нидерланды, Норвегия, Германия, Швеция және Люксембург бар.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу