Қазақстан халықаралық сауда қатынастарын дамытуды көздейді

1034

Қазақстан халықаралық сауда қатынастарын дамытуды көздейді

Еуразиялық одақ пен "Жібек жолы" бағдарламасы арқылы Қазақстан халықаралық сауда қатынастарын дамытуды көздейді. Бұл жайында елбасы Нұрсұлтан Назарбаев телеарналардың біріне берген сұхбатында айтты.

Мемлекет басшысының сөзінше, бүгінде біз тауарды жеткізудің тиімді жағын қарастырып, Қытаймен байланысты орнатып алдық. Келісімнің нәтижесінде Қытайдағы порттың көмегімен Тынық мұхитынан Қазақстан мен Ресей арқылы контейнерлер Еуропаға 14 күнде жетіп жатыр. Ал,теңіз жолдарымен 40-45 тәулік кететін. Оның бізге тиер пайдасы ұшан-теңіз. Себебі Қазақстан арқылы 2020 жылға дейін Еуропа елдеріне 2 млн контейнер тасымалданатын болады. Ал сол транзит үшін бізге ақы төленеді.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан республикасының президенті:

"Білесіздер ме, ең қиыны осы аталған ұйымдардың барлығы дағдарыс пен бағалардың құлдырау уақытына сай келіп қалды. Баға тұрақталғаннан кейін ғана Еуропалық экономикалық одақ аясындағы елдерде тауар айналымы 30 процентке артып отыр. Бұл өте жоғары өсім. Кеден одағына мүше елдерде пойыздарды ешкім тексермейді, тауар діттеген жеріне жеткізіліп, капитал қозғалыста болады. Шағын экономикалы, шағын халқы бар Қазақстан үшін бұл өте маңызды. "Жібек жолының" бойында 65 ел жатыр. Қор - 100 млрд АҚШ долларынан асады. Мемлекет, үкімет болып жұмыс атқара білсек, біз үшін бұл бағдарламадан үлкен пайда табуға болады". 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу