Қазақстан халықаралық сотқа арыз бермек

665

 Қазақстан халықаралық сотқа арыз бермек

Қазақстанның ауыр атлетика федерациясы Олимпиада ойындарының жаңа квалификациялық жүйесін енгізуге қатысты Халықаралық арбитражды сотқа (CAS) арыз бермек. Бұл туралы шетелдік БАҚ-қа сілтемемен vesti.kz хабарлайды.

"Жаңа ережелер бойынша, Қазақстан 2020 жылғы Токио Олимпиадасына тек екі спортшысын ғана апара алады. Құрама сапы допингке қатысты даулардың көп болуына байланысты шектелген. Соңғы он жылда Қазақстанның ауыр атлеттерінің допинг-сынамаларынан 36 рет тыйым салынған заттар анықталды. 2008 жылдан бері Қазақстан сияқты ешбір ел допингпен бұлай жиі ұсталған жоқ", – делінген хабарламада.

Еске салайық, 2020 жылғы Токио Олимпиадасына Илья Ильин бара алады. Ол 2008 және 2012 жылғы Олипиада жүлделерінен допинге байланысты айырылып, екі жылға спорттан шеттелген еді. Тыйым 2016 жылдың 10 маусымынан бастап есептеледі. Осылайша алдағы күндері шеттету мерзімі аяқталады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу