Қазақстан Халықаралық валюта қорымен ынтымақтастықты одан әрі нығайтпақ

1003

Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі мәлім етті.

Қазақстан Халықаралық валюта қорымен ынтымақтастықты одан әрі нығайтпақ Фото: Үкімет

Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Әли Джавад Әл-Эйдті 2025 жылғы 28 қаңтарда ХВҚ миссиясының басшысы лауазымына тағайындалуымен құттықтап, Қазақстан ХВҚ-ның сараптамалық қорытындысы мен ұсынымдарын әрдайым жоғары бағалайтынын, бұл еліміздің экономикалық саясатын қалыптастыру мен маңызды стратегиялық шешімдер қабылдау үшін таптырмас ресурсқа айналғанын атап өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Қазақстан Қормен 30 жылдан астам уақыт жемісті ынтымақтастық орнатып, айрықша қолдауға ие болды. Біздің ХВҚ-мен ұзақмерзімді әріптестігіміз экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етіп, Қазақстан экономикасының сапалы әрі орнықты өсуі үшін өте маңызды",  деп атап өтті Серік Жұманғарин.

Кездесуге қатысушылар құрылымдық реформаларды жүзеге асыру, салық-бюджет саясатын жетілдіру және ұлттық қаржы нарығын дамытуға бағытталған жобалардың оң нәтижелерін атап өтті. Бұл жобаларды іске асыру барысында ХВҚ-ның тәжірибесі мен ұсынымдары ескерілгені айтылды.

Сондай-ақ, 2021 жылдан бері Алматыда жұмыс істеп келе жатқан ХВҚ-ның Кавказ, Орталық Азия және Моңғолия әлеуетін дамыту жөніндегі өңірлік орталығының өңірлік ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі ерекше атап өтілді.

Сонымен қатар вице-премьер мен миссия басшысы мемлекеттің экономикалық нақты секторын қаржыландыру, бюджет-салық реформасын іске асыру жөніндегі жоспарларын, сондай-ақ өзара іс-қимылдың басқа да аспектілерін талқылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу