Жыл сайын Transparency International (TI) арнайы зерттеу жүргізіп, 180 елдің көрсеткішін жариялайды. Оған қарасақ Қазақстан 94-ші орында. Біздің мемлекетпен қатарлас Бразилия, Эфиопия, Перу, Сербия, Шри-Ланка, Суринам, Танзания сияқты елдер бар. 180 мемлекеттің ішінде 94-ші орында болғанымызбен, Орта Азия елдерінің арасында әлі де көш бастап тұрмыз. Түсінікті болу үшін, өзге жылдарда нешінші орында болғанымызды көрсетейін. 2017 жылы – 122, 2018 жылы – 124, 2019 жылы – 113 және 2020 жылы бағана атап өткенімдей 94-ші орында. Яғни, жыл сайын көрсеткішіміз жақсарып келеді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу