Қазақстан хоккейден тағы да жеңілді

158

Шайбалы хоккейден Қазақстан құрамасы 2025 жылғы әлем чемпионаты элиталық дивизионындағы бесінші ойынын бүгін Чехияға қарсы өткізіп, бесінші мәрте жеңіліс тапты, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Қазақстан хоккейден тағы да жеңілді Фото: Қазақстан хоккей федерациясы

Кездесу барысында чехиялық хоккейшілер алғашқы минуттан жылдам гол соғуға тырысты. Нәтижесінде 5-минутта олардың қатарынан Матей Странски есеп ашса, одан кейін Якуб Флек 21, Матей Странски 32, Роман Червенка 37, Адам Клапка 41-минутта басымдықты арттыра түсті.

Ел құрамасынан 47-минутта Вячеслав Колесников есеп айырмасын қысқартса, Роман Червенка 53, 55, Адам Клапка 59-минутта тағы үш гол соқты.

Ақыры Қазақстан құрамасы қарсыласына 1:8 есебімен есе жіберді. 

Бұған дейін Қазақстан құрамасы Норвегияны (2:1) жеңіп, Германияға (1:4), Мажарстанға (2:4), Данияға (1:5) есе жіберді.

Енді қазақстандық хоккейшілер алдағы ойынын 18 мамырда АҚШ құрамасына қарсы өткізеді.

Сондай-ақ А тобында Франция Швециядан 0:4 есебімен жеңіліп қалды.

Бүгін А тобында Финляндия Латвиядан 2:1 есебімен басым түссе, АҚШ құрамасы Германияны 6:3 есебімен тізе бүктірді.

Енді А тобында Канада мен Словакия, В тобында Дания мен Норвегия шеберлік байқасады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу