Қазақстан хоккейшілері алғаш рет Құрлықтық кубокке қол жеткізді

881

Көкшетаулық команда жарыстың финалында Польшаның "Катовице" командасын 4:2, Беларусьтің "Гомель" командасын 8:2 есебімен жеңді.

Қазақстан хоккейшілері алғаш рет Құрлықтық кубокке қол жеткізді

Көкшетаудың "Арлан" хоккей клубы Ирландияда өткен Құрлықтық кубокті иеленді, деп хабарлайды 24.kz.

"Арлан" соңғы шешуші матчта алаң иелері - ираландиялық "Белфаст Джайантс" командасын 3:2 Б (2:0, 0:0, 0:2, 0:0, 1:0) есебімен ұтты. Кездесудің негізгі кезеңі 2:2 болып тең аяқталды.

"Арландықтар" тарапынан Сергей Егоров пен Вадим Ермолаев алғашқы 20 минутта бір-бір шайбадан салса, үшінші таймда Кристофер Хиггинс пен Дастин Джанер есепті теңестіріп кетті. Осылайша негізгі уақытта ойын тең аяқталды.

Овертаймда да жеңімпаз анықталмады. Ал буллитте арландықтар мергендік танытып, Құрлықтық кубокке ие болды.

Айта кетейік, "Арлан" қазақстандық клубтар тарихында Құрлықтық кубокке қол жеткізген алғашқы команда. 

Матч shaiba.kz сайтында тікелей көрсетілді. Көкшетаулық команда жарыстың финалында Польшаның "Катовице" командасын 4:2, Беларусьтің "Гомель" командасын 8:2 есебімен жеңді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу