Қазақстан IBA құрамынан шыға ма? Головкин мәлімдеме жасады

255

Қазақстан бокс федерациясы (ҚФБ) Халықаралық бокс қауымдастығынан (IBA) шығып, жаңа ұйым — World Boxing құрамына кіруі мүмкін. 

Қазақстан IBA құрамынан шыға ма? Головкин мәлімдеме жасады Фото: olympic.kz

Қалай болғанда да, Қазақстанның Ұлттық Олимпиада комитетін (ҰОК) ақпан айынан бері басқарып келе жатқан әлемнің экс чемпионы Геннадий Головкин мұның дұрыс шешім болатынын алға тартады. GGG Қазақстан бокс федерациясы үшін World Boxing боксты Олимпиада бағдарламасында сақтаудың ең дұрыс жолы екенін алға тартады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Осыны талап етіп жатырмыз және оларды осы шешімге итермелеуге тырысамыз. Бірақ, соңғы шешімді Қазақстан бокс федерациясы қабылдайды. Бұл олардың таңдау еркіндігі. Заң тұрғысынан алғанда мен федерацияның шешіміне араласа алмаймын. Олар өз сценарийі бойынша әрекет етеді.

Сот отырысының жалғасуы спортшыларға кедергі келтіреді. Біз спортшыларды қолдаймыз. Өйткені бокстың Олимпиада бағдарламасында қалғанын қалаймыз. Сонымен қатар ХОК шешім қабылдап, талаптар мен нұсқауларды жариялап үлгерді. ХОК көзқарасы бойынша боксты Олимпиада бағдарламасында сақтау үшін қандай қадамдар жасау керек екені белгілі", — деп келтіреді The National Головкиннің сөзін.

Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылдың маусымында IBA басқару, қаржы және этика салаларындағы реформаларды жүзеге асырмағаны үшін Халықаралық Олимпиада комитеті (ХОК) оны мойындаудан бас тартты. Бұрын AIBA деп аталған ұйым 2019 жылдан бастап Олимпиада ойындарында бокстан турнирлер ұйымдастыруды тоқтатты.

Бұған дейін IBA Олимпиада ойындарына іріктеу жүргізетін, бірақ Токио ойындарынан бастап бұл мәселені Халықаралық олимпиада комитеті өзі шешеді. Бокс жарыстары 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін Олимпиада бағдарламасына енген жоқ.

Жақында ХОК IBA-ға кіретін ұлттық федерациялардың боксшылары 2028 жылғы Ойындарға қатысуға жіберілмейтінін хабарлады. Бұл ретте IBA Олимпиадалық турнирді ұйымдастыруға еш қатысы жоқтығына қарамастан, 2024 жылғы Олимпиада жүлдегерлеріне ақшалай сыйақы төлейтінін хабарлады.

World Boxing – боксты Олимпиада бағдарламасында қалдыру мақсатымен өткен жылы құрылған жаңа ұйым. Ол ХОК тарапынан қолдау алуға ниетті. Жаңа ұйым құрамында АҚШ, Канада, Аустралия, Англия, Ұлыбритания, Нидерланды, Жаңа Зеландия, Бразилия, Аргентина, Германия, Гондурас және Швеция бокс федерациялары бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу