Қазақстан ІІ Халықаралық Құран жарысында 3-орын алды

190

Астанада өткен ІІ Халықаралық Құран жарысында қазақстандық қари Шохан Уәлиев 3-орын иеленіп, 10 мың АҚШ доллары көлеміндегі жүлдеге ие болды. 

Қазақстан ІІ Халықаралық Құран жарысында 3-орын алды Фото: muftiyat.kz

Астана қаласындағы Республикалық Бас мешітте ІІ Халықаралық Құран жарысының салтанатты марапаттау рәсімі өтті, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Іс-шара Қазақстан Республикасының ұлттық мерекесі – Республика күні мен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының (ҚМДБ) 35 жылдық мерейтойына арналды.

Марапаттау рәсіміне ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы, мұсылман елдерінің елшілері, зиялы қауым өкілдері мен елорда тұрғындары қатысты.

Бас мүфти өз сөзінде Құран жарысының рухани маңыздылығын атап өтіп, барлық қатысушыларға алғысын білдірді.

Әділқазылар алқасының шешімімен Құран жарысының жеңімпаздары төмендегідей анықталды:

  • І орын – Фахд ибн Мухаммад әш-Шәми (Сауд Арабиясы),
  • ІІ орын – Мерожиддини Ахмадзода Ахмад (Тәжікстан),
  • ІІІ орын – Шохан Уәлиев (Қазақстан).

Сонымен қатар, Мысыр мен Ресейден келген қатысушылар IV орынды, ал Палестинадан келген қари көрермен көзайымы жүлдесін иеленді.

Жарыс "Munara TV" телеарнасы мен "Муфтият ҚМДБ" YouTube арнасынан тікелей эфирде көрсетілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу