Қазақстан ИКАО-мен авиациялық оқиғаларды тергеу саласындағы ынтымақтастықты күшейтеді

372

Монреальда өткен кездесуде авиациялық оқиғаларды тергеу жүйесін жетілдіруге бағытталған келісімге қол қойылды.  

Қазақстан ИКАО-мен авиациялық оқиғаларды тергеу саласындағы ынтымақтастықты күшейтеді Фото: ҚР Көлік министрлігі Telegram

Канаданың Монреаль қаласында қазақстандық делегация Халықаралық азаматтық авиация ұйымы (ИКАО) Бас хатшысының міндетін атқарушы, ИКАО Әуе көлігі бюросының (ATB) директоры Мұхамед Рахмамен кездесті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қазақстандық делегация құрамында Қазақстан Республикасының ИКАО жанындағы Тұрақты өкілі Тимур Тлегенов, Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Көліктегі оқиғалар мен инциденттерді тергеу департаментінің директоры Нұржан Малаев, "Көліктегі оқиғалар мен инциденттерді тергеп-тексеру орталығы" АҚ Басқарма төрағасы Дархан Қатышев, сондай-ақ Қазақстанның авиациялық әкімшілігі мен "Қазаэронавигация" РМК өкілдері болды.

ИКАО делегациясының құрамында Аэронавигация бюросы директорының орынбасары Паскаль Лучиани, мониторинг, қадағалау және үйлестіру жөніндегі директордың орынбасары Серкан Симитчиоғлу, Әлеуетті дамыту және енгізу бюросы директорының орынбасары Мигель Марин, сондай-ақ ИКАО хатшылығының қызметкерлері қатысты.

Кездесу барысында қазақстандық делегация жаңадан құрылған Орталықтың қызметі мен алдағы даму жоспарларын таныстырды.

Кездесу қорытындысы бойынша Орталық пен ИКАО арасында Қазақстандағы авиациялық оқиғалар мен инциденттерді тергеп-тексеру жөніндегі жаңа органның институционалдық әлеуетін нығайтуға бағытталған келісімге қол қойылды.

Келісім аясында ИКАО сарапшылары Орталықтың қолданыстағы мүмкіндіктеріне бағалау жүргізіп, тергеушілерді даярлау қажеттіліктерін талдайды, зертхананы заманауи жабдықтармен және техникалық ресурстармен қамтамасыз ету бойынша ұсынымдар әзірлейді. Сонымен қатар ИКАО аудиті барысында анықталған ескертулерді жоюға және авиациялық оқиғалар мен инциденттерді тергеп-тексерудің ұлттық жүйесін одан әрі жетілдіруге басымдық беріледі.

Орталықтың ИКАО-мен бірлескен жұмысы ұшу қауіпсіздігі деңгейін арттыруға, тергеп-тексерудің заманауи әдістері мен технологияларын енгізуге, материалдық-техникалық базаны нығайтуға және халықаралық авиациялық қоғамдастықпен ынтымақтастықты кеңейтуге ықпал етеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу