Қазақстанның ұшу қауіпсіздігі саласындағы атқарған істері елеусіз қалмай, ИКАО кеңес президентінің атынан сіңірген еңбегін мойындау туралы марапатқа ие болды. Қазақстан соңғы жылдары қол жеткізген ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуді бақылау саласындағы проблемаларды шешудегі қомақты үлесін мойындау белгісі ретінде ИКАО-ға мүше мемлекеттер арасында бұл мараптақа алғаш ие болған елдердің бірі, деп хабарлайды mid.gov.kz.
Бұл награда ИКАО-ның "Бірде-бір ел назардан тыс қалмайды" бастамасын іске асыруды қолдау аясында алғаш рет табысталды. Награда ИКАО стандарттары мен ұсынылған тәжірибені тиімді енгізу деңгейіне қол жеткізген және тиімділігін арттыру ісін бұлжытпай орындаған ИКАО елдеріне беріледі.
Кеңес президентінің атынан сіңірген еңбегін мойындау туралы куәлік "Бірде-бір ел назардан тыс қалмайды" бастамасының шеңберінде тағайындалды. Мемлекеттің сіңірген еңбегін айқындау критерийлері айқын және объективті болып табылады және Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуді бақылауды ұйымдастыруға тексеру жүргізу жөніндегі ИКАО әмбебап бағдарламасына үздіксіз мониторинг жүргізу механизмінің шеңберіндегі іс-шаралардың нәтижелеріне негізделген.