Қазақстан импортқа тәуелділіктен қашан құтылады?

204

Мемлекет тауарлар түрін сатып алуда әр адамның талғамы бар екенін алға тартады. 

Қазақстан импортқа тәуелділіктен қашан құтылады? Фото: kzkazan.ru

Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин импортқа тәуелділікке қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Халықаралық сауданың негізі – тауар айналымы. Бір мемлекет белгілі бір тауар шығарады, оның сол салада мықты тәжірибесі бар. Басқа мемлекет келесі бір тауар шығаруға маманданған. Бүкіл тауарларды бір мемлекетте шығарса, ертең сауда болмайды. Сол себепті біз де бәрін шығармаймыз, ондай жоспар да жоқ. Бірақ әлеуметтік маңызды азық-түлік тауарларын Қазақстанда шығаруға, онымен өзімізді қамтуды 100 пайызға жеткізуді міндетті түрде жасаймыз",  деді Серік Жұманғарин.

Айтуынша, елімізде тұрмыстық химия шығарылады. 

"Бірақ оны алатыны, алмайтыны бар. Себебі әрбір адамның өзінің талаптары бар. Мысалы, біреуге шетелдік танымал заттар керек. Памперсті алсақ, ол да елімізде шығарылады. Біреу Domestos алғысы келеді, соған үйренген. Әрине, тауар ассортименті болуы керек және өзіміздің ішкі бағдарламамыз болуы тиісті. Оның бәрі бізде бар. Тұрмыстық химиямен өз-өзімізді 100 пайыз қамтамасыз ету деген мақсаты жоқ. Қазақстанды химиямен 100 пайыз қамтамасыз етсек, барлығы тек еліміздің химиясын алады дегенмен толық келісе алмаймын. Ол дұрыс емес. Себебі әрбір адамның өзінің талабы бар",  деді Премьер-министрдің орынбасары.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу