Қазақстан импортының 37 пайызы Ресейге тиесілі

889

Қазақстан импортының 37 пайызы Ресейге тиесілі

Еліміздегі импорт көлемі артты. Осы жылдың І тоқсанында Қазақстанға жеткізілген тауардың жалпы құны 7,3 млрд долларға жеткен. Бұл 2017-ші жылмен салыстырғанда 19,4%-ға жоғары, деп хабарлайды Atameken Business.
Импорттық өнімнің ең үлкен көлемі ТМД елдеріне тиесілі. Ол 43,9%-ті құрайды. Соның ішінде Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен тауардың 39,4%-ы келген.
Жалпы, Қазақстанға импорттаушылар арасында Ресей 37%-бен бірінші орында. 15,7%-бен Қытай екінші болса, АҚШ 8,1%-пен 3-ші орында.
ЕуроОдақ елдерінің де өз үлесі бар. Мәселен, Германиядан келетін тауар 6,2% болса, импорттың 3,2%-ы Италияға тиеслі.
Ал ең маңызды тауарлы топтарды: машиналар мен жабдықтар, химия өнімдері, агроөнеркәсіп кешені және тамақ өнеркәсібі өнімдері құрайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу