Қазақстан инклюзивті білім беруді әлеуметтік саясатқа айналдырды

723

Қазақ агротехникалық университетінде мүмкіндігі шектеулі 49 студент, 1 магистрант білім алып жатыр.  

Қазақстан инклюзивті білім беруді әлеуметтік саясатқа айналдырды

С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің басқарма төрағасы Қайрат Айтуғанов "Қазақстандағы инклюзивті білім: теория мен тәжірибе" атты халықаралық онлайн конференцияға қатысып, пікір білдірді.

Ол әлем қоғамдастығы мүмкіндігі шектеулі азаматтарға жоғары білім алу үшін қоғамның өзге мүшелерімен тең мүмкіндік беруге күш жұмсап жатқанын, бұл бастаманы Қазақстан да қолдап отырғанын тілге тиек етті.

"Біздің ел осы бағытта атқарылып жатқан шараларды әлеуметтік саясатқа айналдырды. Қазақстан Республикасының білім туралы заңында еліміздің барлық азаматтарына тең жағдайда білім беру кепілдендірілгені атап көрсетілген. 2008 жылы Қазақстан "Мүгедектердің құқығын қорғау" конвенциясына қосылды", – деді Қайрат Айтуғанов.

Басқарма төрағасының баяндауынша, Қазақ агротехникалық университеті инклюзивті білім беру жүйесінің толыққанды қатысушысы. Мұнда ерекше қажеттілігі бар азаматтардың білім алуына барлық жағдай жасалған.

"Бүгінгі таңда университетте мүмкіндігі шектеулі  49 студент, 1 магистрант  білім алып жатыр", – деді Қайрат Айтуғанов.

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу