Жаңа зерттеуде мамандар 2023 жылы 179 елдің 200 қаласындағы мобильді интернет пен кең жолақты қолжетімділікті өлшеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Әлемдік сервис мәліметінше, мобильді интернет рейтингінде Қазақстан 6 саты жоғарылаған, алайда топ-50 тізімге кірмейді.
Қазақстан орташа алғанда секундына 34,06 мб жылдамдықпен 68-орында тұр.
Ал интернеттің кең жолақты қолжетімділік жағынан Қазақстан әлемдік рейтингте 94-орында, Жапония 22-орында тұр.
Зерттеу ең жылдам интернет (200,24 мб/с) Біріккен Араб Әмірліктерінде екенін көрсетті. Екінші орында - Катар (182,98 с/мб). Ал үшінші Кувейт (152,95 с/мб).
ТМД елдерінің орны келесідей:
Әзірбайжан 59-орын;
Қазақстан 68-орын;
Армения 81-орын;
Қырғызстан 82-орын;
Ресей 96-орын;
Өзбекстан 107-орын;
Беларусь 132-орын;
Тәжікстан 133-орын.