Қазақстан мобильді интернетпен қамту және оның жылдамдығы бойынша бірқатар дамыған елдерді басып озып, 55-ші орынға шықты. Мұндай рейтингті OpenSignal деп аталатын британдық сараптамалық компаниясы жариялады. Зерттеу қорытындысы 4G LTE жылдамдық стандартындағы интернет еліміздің 61,2 пайызын қамтитыны көрсеткен. Бұл АҚШ, Италия, Ресей, Германия, Франция секілді мемлекеттердің мүмкіндіктерінен жоғары екенін көрсеткен. Ал, Интернетпен қамту бойынша рейтингтің көш басында Оңтүстік Корея, Жапония және Норвегия келеді. Ал, жылдамдығы жағынан Сингапурға жететін ел жоқ. Онда 4G желісінің орташа жылдамдығы секундына 45,62 мегабитті құраған. Жылдамдық бойынша Қазақстан әлем бойынша, 58 орында келеді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу