Қазақстан Интерпол бойынша халықаралық ынтымақтастықты нығайтуда

255

Астанада Орталық Азия елдерінің Интерпол ұлттық орталық бюролары басшыларының кеңесі өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қазақстан Интерпол бойынша халықаралық ынтымақтастықты нығайтуда Фото: polisia.kz

Халықаралық кездесуге Қазақстан, Әзірбайжан, Грузия, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстанның делегациялары, сондай-ақ Интерполдың Бас хатшылығының өкілдері қатысты.

Іс-шараға қатысушылар трансұлттық ұйымдасқан қылмысқа қарсы іс-қимыл, халықаралық іздестіру, киберқауіптер мен қаржылық қылмыстарға қарсы күрес, ақпарат алмасу және Интерполдың құралдары мен дерекқорларын тиімді пайдалану мәселелерін талқылады.

Кеңестің Астанада өткізілуі Қазақстанның халықаралық және өңірлік полиция ынтымақтастығын дамытудағы белсенді рөлін айқындайды.

Кездесу аясында қазақстандық тарап Интерпол мүмкіндіктерін пайдалану бойынша тәжірибесін таныстырды. Сонымен қатар қатысушылар Орталық Азия бойынша өңірлік іс-қимыл жоспарын талқылады. Құжат құқық қорғау органдарының жұмысын үйлестіруді одан әрі нығайтуға және заманауи трансұлттық қауіп-қатерлерге қарсы күресте күш-жігерді біріктіруге бағытталған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу