Қазақстан инвестиция тарту жағынан Орталық Азия елдер арасында көшбасшыға айналды

314

 Бұл туралы Сыртқы істер министрлігі хабарлады.

Қазақстан инвестиция тарту жағынан Орталық Азия елдер арасында көшбасшыға айналды Фото: Pixabay.com

Қазақстан инвестиция тарту жағынан Орталық Азия мен теңізге шығатын жолы жоқ дамушы елдер арасында көшбасшыға айналды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Мәселен былтыр елімізге 27 миллиард доллар тікелей инвестиция тартылды. Биыл бес айдың көрсеткіші де жаман емес.

Ел экономикасына құйылған қаржы 12 миллиард долларға таяу. 2029 жылға дейін тікелей инвестиция көлемі 150 миллиард долларға жеткізілмек. Бұл еліміздің жалпы ішкі өнімін 5 жылда 450 миллиард долларға жеткізуге мүмкіндік береді, дейді сарапшылар.

Айта кетейік, биыл Үкімет 400 инвестициялық жобаны жүзеге асырмақ. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу