Қазақстан инвесторға 30 миллион доллар көлемінде өтемақы төлейді

953

Төрелік соттың  шешімі түрік инвесторының пайдасына шешілді.

Қазақстан инвесторға 30 миллион доллар көлемінде өтемақы төлейді

Қазақстан түріктің Aktau Petrol Ticaret A.Ş. компаниясына 30 млн доллар көлемінде өтемақы беруі керек. Мұндай үкімді Дүниежүзілік банк жанындағы инвестициялық дауларды реттеу жөнiндегi халықаралық орталықтың (The International Centre for Settlement of Investment Disputes) шешімдердің күшін жою жөніндегі комитеті шығарды. Бұл туралы Global Arbitration Review-ке сілтемемен abctv.kz хабарлайды.

Түрік инвесторы төрелік сотқа 2015 жылы арыз берген. Орталық сайтындағы ақпарат бойынша, арызданушының Ақтау портына салған инвестициясын сот приставы тәркілеген.

Aktau Petrol Ticaret A.Ş. пайдасына шешілген шешім өткен жылдың қарашасында шыққан. Содан кейін Қазақстан үкіметі лондондық Reed Smith компаниясының аралық етуімен төрелік шешімдердің күшін жою туралы комитетке жүгінген болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу