Қазақстан инвесторлар үшін бір құпия әлем

453

"Астана" халықаралық қаржы орталығы инвестиция тарту мен ел капиталын өсіру мақсатында құрылды. 

Қазақстан инвесторлар үшін бір құпия әлем Фото: Instagram/rn.bekturov

Биыл орталық әлемдік рейтингте 6 орынға көтеріліп, 60-шы орынға жайғасқанымен оның әлеуеті толық қолданылмай келеді.

"Астана" халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Ренат Бектұровтың айтуынша, бізге келген инвесторлар әлі күнге дейін Қазақстанды бір құпия әлемдей көреді, дәл осы тұста корпоративтік басқару, директорлар кеңесі қажетті деңгейде ашықтықты қамтамасыз етуі қажет, сондықтан отандық компанияларды халықаралық корпоративтік басқару талаптарына сай ету маңызды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"Корпоративтік басқаруды дамыту — маңызды міндеттердің бірі. Отандық компаниялар, әсіресе, ел аузында жүрген ірі ойыншылар корпоративтік басқарудың барлық халықаралық талаптарына сай болуы тиіс. Жекеменшік компаниялар мәселенің басын ашып жатса, қоғамдық нысандар үшін бұл аса маңыздылыққа ие, күн тәртібінде болуы керек шара. Инвесторлармен тілдескенде жиі еститініміз: Қазақстанның әлі де болса ашылмаған құпиялары көп. Осы жерде Корпоративтік басқару басқармасы, тиісті директорлар кеңесі мәселені шешу үшін қажетті ашықтылықты қамтамасыз етуі тиіс", — деді Ренат Бектұров.

Осы тұста халықаралық қаржы орталығының 2018 жылы Ұлыбританияда қабылданған стандарттарға сай өзінің стандарттары бар. Белгіленген талаптарға: басшылар кеңесі болуы және олардың тәуелсіздігі, құрамындағы өкілдердің тәжірибесі мен білімі тиісті деңгейде болуы т.б. кіреді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу