Қазақстан инвесторлары өз экономикамызға ақша сала бастады

743

Қазақстан инвесторлары өз экономикамызға ақша сала бастады

2016 жылы Қазақстан инвесторларының өзге елдерге қаржы жөнелтуі 37%-ға азайып, 2,5 млрд долларға қысқарды. Оған себеп ел экономикасына деген сенімнің артуы. Керісінше, шетелден елге кіретін инвестиция 40%-ға артты, деп хабарлайды egemen.kz.

2015 жылы инфляция күшейіп, теңге бағамының әлсіреген кезінде елдің сатып алу қабілеті төмендеп, іскерлік белсенділік құлдыраған еді. Соның салдарынан Қазақстаннан "жаппай капитал көші" басталып, 2014 жылмен салыстырғанда 2 есеге артып, 3,4 млрд доллардан 6,9 млрд долларға жеткен болатын.

2016 жылы жағдай қайта түзеле бастады. Бұл кішігірім инвесторлардың жұмысына да әсер етіп, бір кездері елден кеткен капитал енді қайта оралып, бір жылда ел экономикасына салынған инвестиция 40% ұлғайды.

Қазақстан инвесторларының шетел экономикасына қаржы салуы бәсеңдеп, ішкі жобаларға қызығушылық таныта бастады. Өткен жылы Қазақстандағы шетелдік компанияларға Қазақстан инвесторларының қатысуы 36% ұлғайып, 4,1 млрд долларға жетті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу