"Қазақстан ипотекалық компаниясы" ипотекалық ұйымы" АҚ басқарма құрамындағы өзгерістер туралы хабардар етті, деп хабарлайды "ҚазАқпарат" ХАА.
Тиісті хаттаманың көшірмесі Қазақстан қор биржасының сайтында жарияланды. Директорлар кеңесінің шешімімен Абылай Теңізбайұлы Рахымжанов басқарма мүшесі болып сайланып, "ҚИК" ИҰ" АҚ басқарма төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды.
Сонымен қатар, Қанат Әшімұлы Исамбаев басқарма мүшесі ретінде сайланып, компания басшысының орынбасары лауазымын атқарады. Еске сала кетейік, "Қазақстан ипотекалық компаниясы" халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асырады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу