"Бәйтерек" холдингі басқарма төрағасының орынбасары Ғалымжан Тәжияқов Қазақстан ипотекалық компаниясының директорлар кеңесін басқарды, деп хабарлайды kursiv.kz.
Бұған дейін директорлар кеңесі Айдар Әріпхановтың басқаруында болған еді.
Кеңес құрамына сонымен қатар Яцек Бжезински, Ерболат Оспанов, Нұрлан Тоқобаев сынды тәуелсіз директорлар кіреді.
2016 жылғы шілдеден бастап Ғалымжан Тәжияқов "Бәйтерек" холдингінің басқарушы директоры қызметін атқарып, активтерді басқару және корпоративтік қаржыландыруға жетекшілік жасады.
Ғалымжан Тәжияқовтың қаржы саласында 15 жылдан астам басқарушылық тәжірибесі бар. Ұзақ мерзімді жобалық (инвестициялық) қаржыландыруды жүзеге асыру, сондай-ақ халықаралық инвестицияларды тарту бойынша жобаларды ұйымдастыру және құрылымдау мәселелері бойынша табысты тәжірибеге ие.