Өзін біздің қызметкер ретінде таныстырып, "Нұрлы жер" бағдарламасы бойынша кезегіңізді жылжытып беремін деген ұсыныстарға сенбеңіздер. "Қазақстан Ипотекалық Компаниясы" ИҰ" АҚ осындай ақпарат таратты.
"Компания мемлекеттік және жеке бағдарламалардың операторы болып табылады. Осы бағдарламаға қатысушылардың тізімін мемлекеттік органдар әзірлейді. Компания қызметкерлерінің қолында үміткерлер тізіміне адам енгізіп, кезекті жылжытатын өкілеттік жоқ. Барлық шарттарға нотариустың қатысуымен, мекен-жайлары www.kmc.kz. корпоративтік сайтында көрсетілген компанияның ресми офистарында ғана қол қойылады. "ҚИК" өкілдерінің қолында мөр мен қол қойылған қызметтік куәліктері болуы керек. Құрметті қазақстандықтар, біз сізден сақ болуыңызды, тек ресми ақпарат көздеріне сенім артуды, алаяқтық әрекеттерге күдік туындаған жағдайда компанияның call-орталығына 88000804448 нөмірі бойынша хабарласуларыңызды сұраймыз", – деп жазылған ресми ақпаратта.
Фото: kudazvonit.ru