Қазақстан ипотекалық компаниясының басқарма төрағасының орынбасары болып Руслан Кәкім тағайындалды, деп хабарлайды "Интерфакс-Қазақстан".
Компания төрағасының бұрынғы орынбасары Болат Досмұхаметов өз еркімен жұмыстан кетті. Руслан Кәкім бүгінгі күнге дейін Қазақстан ипотекалық компаниясының басқарушы директоры болып қызмет етті.
Өзгерістен соң ҚИК басқарма құрамы келесідей болды: Әділ Мұхамеджанов – басқарма төрағасы, басқарма төрағасының орынбасарлары – Руслан Кәкім, Сержан Жұмабеков, Құдайберген Бейсембаев.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу