Қазақстан Ирактан 14 баланы елге қайтарады

1449

Иракта аналары өмір бойына бас бостандығынан айырылған 14 қазақ бала қалған.

Қазақстан Ирактан 14 баланы елге қайтарады

"Жусан" операциясының келесі кезеңі іске асады. Бұл туралы Қазақстанның Сыртқы Істер министрі Мұхтар Тілеуберді Еуропа қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Ауғанстан бойынша дөңгелек үстелінде айтты.

Министр Ауғанстанның экономикалық интеграцияға енуі Орталық Азияның тұрақтылығына қаншалықты әсер ететінін айта келіп, тәуелсіздіктің 28 жылында аймақтағы елдердің байланысы қандай бағытта дамығанына шолу жасады. 

"Ауғанстандағы бейбітшілік, елдің дамуы, экономикалық ықпалдастыққа белсенді енуі Орталық Азия елдерінің дамуына оң әсер етеді. Қазақстан бұл бағытта күш біріктіріп жұмыс істеуге мүдделі. Ауғанстан экономикасын көршілес елдермен ықпалдастырудың маңызы зор. Өңірлік инфрақұрлымды, транзиттік сауда дәліздерін жандандыруға Орталық Азия елдері дайын. ЕҚЫҰ аймақта синэргия орнатуда шешуші рөл атқаруға қауқарлы. Сондықтан Орталық Азиядағы серіктестерімізбен бірге барлық халықаралық мүдделі топтарды осы іске атсалысуға шақырамыз", – деген Мұхтар Тілеуберді Қазақстан тарапынан "Жусан" операциясы әлі де жалғасатынын атады.

"Қазақстан өңірдегі тұрақтылықты қалыптастыруға арналған бірлескен бастамалар мен жобалар ұсынуға дайын. 2019 жылы "Жусан" операциясының келесі кезеңі іске асады. Соның аясында Ирак аумағынан 14 баланы елге әкелмекпіз. Бұл балалардың аналары ол жақта өмір бойына бас бостандығынан айырылған", – деді министр.

Есімжан Нақтыбайұлы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу