Қазақстан Иран, ҚХР және Үндістан азаматтары үшін 14 күндік визасыз кіру тәртібін енгізді

695

1 қаңтардан бастап 57 мемлекеттің азаматтары үшін Қазақстанға визасыз кіру тәртібі қайта қалпына келтірілген болатын.

Қазақстан Иран, ҚХР және Үндістан азаматтары үшін 14 күндік визасыз кіру тәртібін енгізді

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 шілдедегі 7 шілдедегі №464 қаулысымен қолайлы инвестициялық ахуалды қалыптастырып, іскерлік байланыстарды жандандыру және елдің туристік әлеуетін одан әрі жүзеге асыру мақсатында Иран Ислам Республикасының, Қытай Халық Республикасының және Үндістан Республикасының азаматтары үшін визасыз кіру тәртібі енгізілді, деп хабарлайды inbusiness.kz СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Осы шешім аталған шет елдердің азаматтарына Қазақстан аумағында күнтізбелік 14 күнге дейін, 180 күнтізбелік күнді қамтитын әрбір кезең ішінде жалпы алғанда 42 күнге дейін визасыз болуға мүмкіндік береді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу