Қазақстан Иран мен БАӘ-ге ет экспорттауға мүмкіндік алды

918

Қазақстан Иран мен БАӘ-ге ет экспорттауға мүмкіндік алды

Қазақстан өнімдерін Иран мен БАӘ-ге, Қытайға экспорттау үшін ветеринарлық сертификаттар келісілді, деп хабарлайды LS.

ҚР ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Қайрат Айтуғанов үкімет отырысында Қазақстанның Иранға мұздатылған қой еті мен қой экспорттауына  жол ашылғанын айтты. Сонымен қатар БАӘ-мен мүйізді ірі қара, ұсақ мүйізді қара мен тауық жұмыртқасын тасымалдау үшін де келісім жасалғанын атап өтті. Ал Қытаймен балық өнімдері, қой еті мен бал тасымалдау бойынша ветеринарлық сертификат келісілгенін хабарлады.

"Бұдан өзге Израиль мен Саудияның ветеринарлық қызметімен жұмыстар жүргізіліп жатыр. Атқарылған шаралар қой етін экспорттауды 53 пайызға, қой экспортын 7,2 есеге ұлғайтуға мүмкіндік берді", - деді Айтуғанов.

Оның айтуынша, барлық ауыл шаруашылық өнімдерін сатуға оператор Азық-түлік келісімшарт корпорациясы болады. Бұл ұйым  ішкі нарыққа бидайдан басқа пен майлы дақылдарды да жеткізіп отырады.

Айта кетсек, биыл Бельгияға 3 мың тонна зығыр экпортталған, жыл соңына дейін 2 мың тонна өсімдік майы  мен қой еті жеткізілетін болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу