Қазақстан Иран мен Орталық Азия арасындағы достыққа дәнекер болып отыр – Мұхаммед Мохбер

220

"Заманауи технологияларды белсенді пайдаланып, бірлесіп жұмыс істеуіміз керек".

Қазақстан Иран мен Орталық Азия арасындағы достыққа дәнекер болып отыр – Мұхаммед Мохбер Фото: Ақорда

Иран Президентінің міндетін атқарушы Мұхаммед Мохбер Орталық Азия мен Теһран арасындағы қарым-қатынастың дамуында Қазақстанның шешуі рөл ойнап отырғанын айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайтының тілшісі.

"Біз Қазақстан сияқты дос пейілді елдермен өзара қарым-қатынасымызды жоғары бағалаймыз және қонақжайлығыңыз үшін алғыс айтамыз. Сіздер әрдайым Иран мен Орталық Азия аймағының арасындағы өзара достықты ілгерілетуші ел болып келе жатырсыздар. Сіздермен арамызда өркениеттік тарихи байланыс бар. Орталық Азия елдері мен Иран арасындағы өзара қарым-қатынас кеңейе түседі деп үміттенеміз", – деді ол "ШЫҰ+" кездесуінде.

Сондай-ақ, Иран басшысы ШЫҰ елдерін сауда-саттықта ұлттық валютаны көбірек пайдалануға шақырды.

"ШЫҰ-ның халықаралық және аймақтық рөлін арттырудың маңызды бір жолы – экономикалық қарым-қатынастың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Бұл тұрғыда сауда-саттықтағы ұлттық валюта үлесін қолдап, кеңейту өзекті. Ол үшін заманауи технологияларды белсенді пайдаланып, бірлесіп жұмыс істеуіміз керек", – деді Мұхаммед Мохбер.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу