Қазақстан Иранға сиыр етін тасымалдайтын болды

691

Қазақстан Иранға сиыр етін тасымалдайтын болды

Қазақстан Иран еліне сиыр еті мен жұмыртқа тасымалдау жөнінде келісімге келді. Бұл туралы ҚазАқпарат. хабарлайды.

Жамбыл облысында 24,9 гектар жер ауылшаруашылық айналымына қайтарылады Атырауда жылына 30 млн бекіре шабағы өсірілмек ҚР ауыл шаруашылығы министрлігінің Қоғаммен байланыс департаментінің келтірген мәліметіне сәйкес, Тегеранда (Иран Ислам Республикасы) ҚР ауыл шаруашылығы министрлігінің вице-министрі Гүлмира Исаева бастаған делегация Иран ветеринарлық ұйымымен ауыл шаруашылығы өнімдерін жеткізу мәселелері бойынша екіжақты кездесуі өткізген.

"Осы кездесу екі елдің ветеринарлық ұйымдарының алдын ала жүргізген жұмыстарының нәтижесі болып табылады. Келіссөз нәтижесі бойынша экспорттың ветеринарлық талаптары келісілді", - делінген хабарламада.

Осылайша, Қазақстанда өндірілген тауық жұмыртқасы Иранға тек Иран Ислам Республикасының талаптарына сай белгіленген (әр жұмыртқада өндірілген күні, оралған күні, жарамдылық мерзімі, өндіруші көрсетіледі) күйде жеткізілетін болады.

"Малды арнайы бордақылау арқылы алынған қазақстандық мал еті халықаралық талаптарға сәйкес 5-6 күн бойы сақталады. Бұл өз кезегінде еттің Иран нарығында сұранысқа ие болуына мүмкіндік береді", - деп хабарлайды ведомстводан. Экспорттық тасымалды осы айда бастау жоспарланып отыр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу