Қазақстан энергетикалық шекке тіреліп отыр – депутат

183

Энергетикалық жүйенің қоры ең төменгі шекке жеткені айтылды. 

Қазақстан энергетикалық шекке тіреліп отыр – депутат Фото: Мәжіліс

Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин бірқатар қаладағы жылу электр орталықтарының құрылысына қатысты мәселе көтерді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Бүгінде Қазақстан ресурстық әлеуеті бай ел болса да, энергетикалық жүйеміздің беріктілігі ең төменгі минимумға жеткен. Яғни, еліміз нақты түрде энергетикалық шекке тіреліп отыр. Өйткені  ескірген технологиялармен жұмыс істейтін энергетикалық нысандар мен инфрақұрылымдар физикалық жағынан әбден тозған. Олар уақытында заманауи технологияларды пайдалану арқылы жаңартылмаған. Мысалы, мұнай-газ саласын айтпағанда, көмір қоры 33 млрд тоннаға бағаланады және оны тиімді пайдаланса, үш ғасырға жетеді. Көршілеріміз көмір отынын пайдаланатын, экологиялық таза және маневрлік генерацияны игеріп кетті. Біз әлі зиянды және тиімсіз ескі-құсқы технологияларды жамап-жасқап жүрміз", – деді депутат.

Еділ Жаңбыршин осы мәселеге қатысты бірқатар мәселе көтерді.

"Көкшетау, Семей және Өскемен қалаларындағы жылу-электр орталықтарының құрылысы осы уақытқа дейін қандай себептермен басталмаған? Екібастұздағы ГРЭС-2-ні кеңейту жобасының қазіргі мәртебесі қандай және ГРЭС-3 құрылысы қашан басталады? Курчатов қаласында электр станциясын уақтылы іске қосу үшін қандай нақты шаралар қабылданып жатыр?", – деп сұрады Мәжіліс депутаты.

Депутат ұлттық жоба аясында экологиялық жүктемені төмендету мақсатында көмір генерациясының қандай заманауи технологиялары енгізілетінін де нақтылады.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу