Қазақстан ISO кеңесінің құрамына алынды

1128

 Қазақстан ISO кеңесінің құрамына алынды

Стандарттау жөніндегі ISO халықаралық ұйымы бас ассамблеясының 40-шы сессиясында Қазақстан 2018-2020 жылдар кезеңінде ISO кеңесінің құрамына алынды, деп хабарлайды ҚР ИДМ баспасөз қызметі.

Бұл халықаралық стандарттау жүйесін дамытуда маңызды шешімдер қабылдау шараларына қатысуға мүмкіндік береді.

ISO-ның 162 мүшесі бар. ISO кеңесі 20 қатысушыдан тұрады (6 тұрақты және 14-і таңдалады).  ҚР ИДМ техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы Ғалымжан Дұғаловтың басшылығымен барған делегация Германияда өтіп жатқан халықаралық стандарттау апталығы аясында ассамблея жұмысына белсенді қатысты. 

ISO 2017 бас ассамблеясында ҚР ИДМ техникалық реттеу және метрология комитеті мен Австрияның Стандарттар институты арасында Жол картасын іске асыру жөніндегі ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылады, деп жоспарланған. Сондай-ақ, немістің, чехтың және түріктің стандарттау жөніндегі органдарымен екіжақты келісім мен меморандумға қол қойылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу