Қазақстан Израильдегі жағдайға байланысты өз ұстанымын білдірді

462

Қазақстан әрдайым толеранттық және діндер арасындағы диалогты нығайтуға шақырады.

Қазақстан Израильдегі жағдайға байланысты өз ұстанымын білдірді Фото: ТАСС

Қазақстан Таяу Шығыстағы Әл-Ақса мешітіне жасалған шабуыл шиеленісінің күшеюіне алаңдаулы. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

"Қазақстан қасиетті "Әл-Ақса" мешітінде мұсылмандарға шабуыл жасалуына қарасты  Таяу Шығыстағы шиеленістің өршуіне алаңдаушылық білдіреді. Қалыптасқан жағдайда тараптар ұстамдылық танытып, зорлық-зомбылыққа және ахуалдың одан әрі ушығуына әкелетін қадамдардан, сондай-ақ арандату іс-әрекеттеріне жол бермейді деп үміттенеміз",деді Айбек Смадияров министрлікте өткен баспасөз мәслихатында.

Оның мәлімдеуінше, қасиетті Рамазан айы мен Песах мейрамы кезеңінде саяси, діни және қоғамдық көшбасшылар аталған шиеленісті шешуге бар күшін салады деп үміт артады.

"Қазақстан әрдайым толеранттық және діндер арасындағы диалогты нығайтуға шақырады және Біріккен Ұлттар Ұйымы қауіпсіздік кеңесінің қарарларына сәйкес, Таяу Шығыс мәселесін бейбіт жолмен шешуге бағытталған халықаралық қоғамдастықтың күш-жігерін қолдайды", - дейді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу