Қазақстан қай елдермен әуе қатынасын қалпына келтірді

1058

Бүгінде 25 елмен аптасына 257 халықаралық рейс орындалады.

Қазақстан қай елдермен әуе қатынасын қалпына келтірді

Елде халықаралық әуе рейстері толық қалпына келтірілді, деп хабарлайды inbusiness.kz Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне сілтеме жасап.

"Қазақстанда халықаралық әуе рейстері толық дерлік қалпына келтірілді. Елімізге немесе елімізден ұшатын отандық және шетелдік әуе компаниялары өз қызметін толық жалғастырып жатыр. Олар әуе компанияларының ресми сайттарында жарияланған кестелерге сәйкес орындалады", – деп жазылған министрлік таратқан хабарламада.

Қазіргі таңда 25 елмен (Армения, Әзірбайжан, Беларусь, Ұлыбритания, Венгрия, Вьетнам, Германия, Грузия, Үндістан, Катар, Корея, Қырғызстан, Мальдив аралдары, Нидерланды, Біріккен Араб Әмірліктері, Кувейт, Польша, Ресей, Сауд Арабиясы, Тәжікстан, Таиланд, Түркия, Өзбекстан, Украина, Шри Ланка) 76 бағытта аптасына 257 рейс орындалып жатыр.

Министрлік төтенше жағдай кезінде ұшпай қалған әуе рейстерінің жолаушылары билет құнын толық қайтарып немесе сатып алған жерге барып, басқа күндерге тегін ауыстыра алатынын еске салады. 

Елдегі эпидемиологиялық жағдайға сәйкес әуе рейстері ҚР Көліктегі бас мемлекеттік санитарир дәрігердің 2022 жылғы 13 қаңтардағы №3 қаулысына сәйкес орындалады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу