Қазақстан қай рейтингте алпауыт елдерді артта қалдырғаны белгілі болды

131

Базель басқару институты жыл сайынғы Basel AML Index рейтингін жариялады.

Қазақстан қай рейтингте алпауыт елдерді артта қалдырғаны белгілі болды Фото: canva.com

Қазақстан жылыстатуға қарсы саланың тәуелсіз рейтингінде өз позициясын айтарлықтай жақсартып, 110 елді артта қалдырды. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігі мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ақшаны жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы ең беделді дереккөздің құжатына сәйкес Қазақстан Республикасы 4,65 баллмен 111-ші орында тұрақтады.

2023 жылы Қазақстан 4,71 баллмен 100-ші орында болған. Еліміз 2012 жылдан бері жарияланған рейтинг тарихындағы ең жақсы нәтижесін жаңартты. Тек соңғы 4 жылда рейтингте 2020 жылғы 73 орыннан осы жылы 111 орынға дейін үлкен серпіліс жасалды.

"Қазақстан АҚШ, Жапония, Сингапур, Қытай, Катар, Италия, Венгрия және Түркия сияқты елдерді артта қалдырды. Ең аз тәуекелге ұшыраған 5 елдің қатарына Сан-Марино, Исландия, Финляндия, Эстония, Андорра, Швеция кірді", - деп хабарлады ҚМА.

2024 жылы Индекс (қоғамдық нұсқа бойынша) 164 елді бағалады және ақшаны жылыстату мен терроризмді қаржыландырудың (АЖ/ТҚҚ) жоғары тәуекелдеріне ықпал ететін әртүрлі факторларды өлшейтін 5 саладағы 17 көрсеткішке негізделген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу