Қазақстан жомарт елдердің қатарына енді

147

Қазақстан биыл Charities Aid Foundation (CAF) ұйымының World Giving Report 2025 рейтингінде 30-орынға тұрақтады.  

Қазақстан жомарт елдердің қатарына енді Фото: blizkiedrugie.ru

Зерттеу қорытындысына сәйкес, қазақстандықтар табысының орта есеппен 1,2 пайызын қайырымдылыққа жұмсайды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Бұл көрсеткіш АҚШ, Ұлыбритания және Германия сияқты дамыған елдерден жоғары.

Рейтинг көшін Нигерия, Египет, Гана, Уганда және Қытай елдері бастады. Сарапшылардың айтуынша, табысы төмен мемлекеттерде жомарттық деңгейі әдетте жоғарырақ болады.

CAF есебі бойынша, әлем халқының 64 пайызы белгілі бір түрде қайырымдылыққа қатысады – ақша аудару, еріктілік не діни ұйымдарды қолдау арқылы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу