Қазақстан қалаларында пәтер қанша тұрады?

1344

Тұрғын үйлері ең қымбат қалалардың рейтингі жасалды.  

Қазақстан қалаларында пәтер қанша тұрады?

Жылжымайтын мүлік сайты әзірлеген баға рейтингіне көз жүгіртер болсақ, қыркүйек айының қорытындыcы бойынша Қазақстандағы ең қымбат баспана Алматыда екенін көреміз. Мысалы, аумағы 40 шаршы метр пәтердің бағасы 15,6 млн теңгеден асады. Екінші орында Нұр-Сұлтан қаласы тұр, дәл осындай баспананы елордада орташа есеппен 13,3 млн теңгеге алуға болады.

Баға рейтингінің үшінші сатысына Атырау жайғасқан. Мұнайлы астанада осындай пәтер 10 млн теңге тұрса, Шымкенттегі пәтердің құны 9,5 млн теңге болады. Тұрғын үйі қымбат қалалар бестігіне Петропавл қаласы да кірген екен. Табысының 91%- ын республикалық бюджеттен алатын Солтүстік Қазақстан облысының орталығында 40 шаршы метр баспана 8,8 млн теңге тұрады.

Ал ең төмен бағаларға келсек, Павлодар қаласында 7,3 млн теңге, Семейде 7,1 млн, Таразда 6,5 млн, Ақтөбеде 5,9 млн және ең арзан деген Қызылорда 5,4 млн теңгеге осындай пәтер алуға болады.

Нұржан Көшкін

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу