Қазақстан қалаларында террористік қауіптің "сары" деңгейі жойылды

223

Күш құрылымдарының бөлімшелері штаттық жұмыс режиміне көшеді. 

Қазақстан қалаларында террористік қауіптің "сары" деңгейі жойылды Фото: inbusiness.kz

Астана, Алматы, Қарағанды және Көкшетауда терроризмге қарсы операцияның құқықтық режимі аяқталып, террористік қауіптіліктің орташа "сары" деңгейі жойылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Терроризмге қарсы күрес жөніндегі республикалық жедел штабтың мәліметінше шешім ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшыларының саммиті мен Қытай президентінің мемлекеттік сапарының аяқталуына байланысты қабылданған. 

"Күзетілетін адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларын жүргізу кезінде терроризмге қарсы күрес жөніндегі республикалық жедел штабтың басшысы ретінде "терроризмге қарсы іс-қимыл туралы" заңның 13 және 15-баптарының негізінде Астана қаласында 4 шілдеде 23:59-дан бастап терроризмге қарсы операцияның құқықтық режимін жою туралы шешім қабылдады", - делінген хабарламада.

Террористік қауіп қалыпты "сары" деңгейі Астана, Алматы, Қарағанды және Көкшетау қалаларында жойылғаны көрсетілген. 

Күш құрылымдарының бөлімшелері штаттық жұмыс режиміне көшеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу