Қазақстан қалаларында түнгі экспресс-маршруттар іске қосылуы мүмкін

172

Бұл бастама туралы ҚР Үкіметі хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.  

Қазақстан қалаларында түнгі экспресс-маршруттар іске қосылуы мүмкін Фото: primeminister.kz

Қазақстанның ірі қалаларында туристердің жайлылығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында әуежайлар мен қала орталықтары арасында түнгі экспресс-автобус бағыттарын іске қосу жоспарланып отыр. 

Туризм және спорт министрінің айтуынша, заңсыз такси қызметтері – бүгінде кең таралған және өзекті мәселе. Осыған байланысты бірқатар шаралар қолға алынуда.

– Халықаралық әуежайларда сенімді такси қызметтері, қонақүйлер, электронды SIM-карталар мен туристік нысандар туралы ақпаратты қамтитын QR-код жүйесі енгізілді. Әкімдіктер бұл бағыттағы жұмыстарды үнемі бақылап, халыққа түсіндіру жұмыстарын жүргізуі тиіс. Қажет болған жағдайда, заң бұзушыларға қатысты жауапкершілікті күшейту мүмкіндігі де қарастырылады, – делінген ресми мәлімдемеде.

Сонымен қатар, көптеген шетелдік мегаполистердегідей, қазақстандық қалаларда да түнгі уақытта әуежайдан қала орталығына дейін қоғамдық көлік қатынасы жоқ. Осы олқылықтың орнын толтыру үшін түнгі экспресс-маршруттарды іске қосу ұсынылуда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу