Қазақстан қалаларындағы экологиялық жағдай қандай деңгейде?

1227

Өнеркәсіптік қалалардағы атмосфералық ауаның ластану деңгейі 5 жыл бұрынғыдай жоғары. 

Қазақстан қалаларындағы экологиялық жағдай қандай деңгейде? Фото: Inform.kz

Былтыр Қазақстан әлемдегі ауасы бар ең лас 50 елдің қатарына кірді. Есепті құрастырған швейцариялық IQAir компаниясы елімізді 40-орынға енгізді.

Қорытынды деректерге сәйкес, өткен жылы Қазақстанда PM2.5 орташа жылдық концентрациясы (мөлшері 2,5 микроннан аз шаң мен ластаушы заттар) текше метріне 23 микрограммды құраған. Бұл ДДҰ нормасынан 3-5 есе артық, деп жазады inbusiness.kz energyprom.kz порталына сілтеме жасап.

IQAir халықаралық компаниясының рейтингіне сәйкес, Тәжікстанда, Өзбекстанда, Қырғызстанда және Арменияда ауа сапасы еліміздікімен салыстырғанда нашар екені белгілі болды. Түрікменстан рейтингке 44-орында тұр. Десек те, ЕАЭО бойынша Ресей Федерациясында жағдай салыстырмалы алғанда жақсырақ. Ресейдегі ластану деңгейі Қазақстанға қарағанда екі есе төмен.

Ресурстың жазуынша, былтыр АҚШ, Жапония, Ұлыбритания қалаларында ауадағы ұсақ шаңның орташа жылдық концентрациясы 8,9-10 микрограмм аралығында болған. Бұл көрсеткіштер Қазақстандағыдан 2-2, 5 есе төмен.

Еліміз 2018 жылдан бері өз көрсеткіштерін жақсартқанымен, аутсайдерлер қатарында қалып отыр.

"Қазгидромет" РМК мәліметінше, 2022 жылы зерттеу жүргізілінген 69 елдімекеннің үштен бірі ғана ластану деңгейі төмен санатқа енді. Жартысына жуығында (30 елдімекен) атмосфералық ауаның ластану деңгейі жоғары және өте жоғары болған. Олардың қатарында Қарағанды, Өскемен, Жезқазған, Теміртау, Алматы, Астана, Атырау, Ақтау және т.б. бар.

Елде салыстырмалы түрде таза ауа өнеркәсіптің ірі нысандары жоқ шағын қалаларда байқалады. Оған Түркістан, Алтай, Көкшетау, Талғар кіреді. "Жасыл" қалалар тізімінде Екібастұз, Рудный, Ақсу, Кентау да бар.

"Қазгидромет" ұсынған мониторинг нәтижелері соңғы бес жылда Қазақстанның барлық ірі қалаларының ішінде экологиялық жағдай тек Шымкентте жақсарғанын айқын көрсетеді. Қалған облыс орталықтары мен мегаполистерде ауа сапасы тұрақты төмен деңгейде қалып отыр немесе нашарлаған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу