Қазақстан қаңтарда мұнай өндірісін қысқарту жөніндегі өз міндеттемесін орындады

794

Қазақстан қаңтарда мұнай өндірісін қысқарту жөніндегі өз міндеттемесін орындады

Қазақстан  мұнай өндірісін қарашадағы деңгеймен салыстырғанда 2017  қаңтарда тәулігіне 30 мың баррельге төмендетті, деп мәлім етті энергетика министрі Қанат Бозымбаев.

"Біз асыра орындадық (ОПЕК-пен келісім аясындағы міндеттемелер), қаңтарда өндіруді 30 мыңнан (тәулігіне  баррель – ИФ-К) артық төмендеттік, деді Қанат Бозымбаев Астанадағы баспасөз жиынында. Бұл туралы "Интерфакс-Қазақстан" жазып отыр.

Энергетика министрлігі ақпан айында міндеттердің орындалуы жөніндегі нақты мәлімет бере алмады.

"Ақпанда да орындаймыз деп сенемін, тіпті  аздап асып кетсек те, қаңтардағы артық орындағанымызбен өтеледі", – деп атап өтті Қанат Бозымбаев.

Мәлім болғандай, Қазақстан ОПЕК алдындағы міндеттемелеріне сәйкес мұнай өндірісі көлемін  тәулігіне  20 мың баррельге қысқартуға тиіс.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу