Қазақстан қантпен өзін-өзі 40%-ға қамтамасыз етеді, қалғанын сырттан импорттайды

238

Маңызды мәселенің бірі – елде шығарылған қызылшаны қайта өңдеу.

Қазақстан қантпен өзін-өзі 40%-ға қамтамасыз етеді, қалғанын сырттан импорттайды Фото: canva.com

Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев Мәжіліс кулуарында отандық нарықта қант тапшылығы жоқ екенін айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Журналистер министрден "Біз қанттың әлі де көп бөлігін импорттап отырмыз ба?" деп сұрады.

"Бізде баяғы 4 зауыт, жаңасы салынбады. Биыл қант қызылшасын көп жинаймыз, біз төрт зауыт арқылы өзімізді 40 пайызға қамтамасыз етеміз. Қалған 60 пайызын Ресейден, көршілес елдерден импорт ретінде аламыз. Бұл мәселені шешу үшін екіжылдық кешенді жоспар бар. Ауыл шаруашылығы министрлігімен бекітілген жоспар бар", - деп жауап берді ведомство басшысы.

Айтуынша, бүгінде маңызды мәселенің бірі – өзімізде шығарылған қызылшаны қайтадан өңдеу.

"Биыл 600 мың тонна егін жинаймыз. Қандай зауыт қайта өңдеу мәселесін шешетіні туралы қарастырылады. Негізінен қазір қанттың бағасы тұрақты. Біздің нарықта ешқандай тапшылық жоқ", - деп толықтырды Арман Шаққалиев.

Сауда және интеграция министрі 2026 жылға дейін ішкі нарықты қантпен 70-80 пайызға дейін қамту жоспары тұрғанын айтты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу