Қазақстан каратэшілері Токиода жаттығу жұмыстарын бастады

1043

Азия ойындарында үздік нәтиже көрсеткен Гузалия Гафурова, Дидар Әмірәлі және Данияр Юлдашев Жапония ұлттық құрамасының спортшыларымен бірлескен оқу-жаттығу жиынын өткізуде.

Қазақстан каратэшілері Токиода жаттығу жұмыстарын бастады

Жапония Олимпиадалық комитетінен арнайы шақырту алған қазақстандық каратэшілер Токиода жаттығу жұмыстарын бастады, деп хабарлайды Olympic.kz. 

Азия ойындарында үздік нәтиже көрсеткен Гузалия Гафурова, Дидар Әмірәлі және Данияр Юлдашев Жапония ұлттық құрамасының спортшыларымен бірлескен оқу-жаттығу жиынын өткізуде. Бірлескен жиынға Жапония құрамасының бас бапкері Ко Хаяши жетекшілік етуде. 

Алдағы алты күн ішінде ірі жарыстарда жиі кездесетін қарсыластар бір бапкердің қоластында жаттығып, өз әдіс-тәсілдерін жетілдіре түспек. 

"Біздің бір-бірімізден үйренетін тұсымыз көп. Техникалық жағдайлардан бөлек, заманауи жапон каратесінің қыр-сырына да қанығуымыз қажет", – дейді ұлттық құрама бас бапкері Жасталап Санауов. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу