Қазақстан қарқынды дамып келе жатқан туристік бағыттар рейтингіне енді. Атақты британдық The Telegraph басылымы жариялаған тізімде еліміз 21-орынға жайғасты, деп хабарлайды Atameken Business.
Бұл жаңалықпен сондай-ақ танымал Independent, New York Post, MSN мен Traveller басылымдары да бөлісті. Сол материалдарда жалпы алғанда Орталық Азия аймағы ең тартымды туристік бағыттардың біріне айналғаны жазылған.
Саяхаттаушылардың арасында аталмыш аймақтың танымал болуына виза алу тәртібі жеңілдетілгені мен түрлі маркетингтік шаралардың әсер еткені де мақалада көрсетілген.
Рейтингке келушілердің өсу динамикасы 10 пайыздан асқан елдер кірген. Сонымен қатар, туристердің саны 1 миллион адамнан кем емес мемлекеттер қатысты.