Қазақстан картоп экспортына тыйым салуы мүмкін

Жауаптылар егер картоп ішкі нарықты қамтамасыз ете алмаса ғана осы әрекетке барады. 

Қазақстан картоп экспортына тыйым салуы мүмкін Фото: Pixabay.com

Мұны Үкімет отырысынан соң Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Оның сөзінше, биыл елімізде 2,9 миллион тонна картоп жиналған. Бұл көрсеткіш Үкімет болжаған көлемнен әлдеқайда көп саналып отыр. 

– Бір адамға 100 келі картоп тұтыну нормасымен есептесек, бізге шамамен 2-2,1 миллион тонна қажет. Экспорт 500 мың тоннадан асқан кезде сыртқа шығаруды тежей бастайтындығымызды бірнеше рет айттық. Өйткені, көрші елдерде картоп бағасы әлдеқайда жоғары және бұл – біздің бәсекелестік басымдығымыз. Қазіргі уақытта картоп өсірушілеріміз экспорт есебінен табыс тауып жатыр әрі біз оларға бөгет болмаймыз. Дегенмен, ішкі нарықты қамтамасыз ету мәселесі туындаған жағдайда, 500-600 мың тоннасын сатқаннан кейін экспортқа тыйым салатын шығармыз немесе квота белгілерміз, – деп түсіндірді Жұманғарин. 

Премьер-министрдің орынбасары өз сөзінде картоп бағасы бір айда 4,5 пайызға қымбаттағанын, десе де 180 теңге деген тым жоғары өсім еместігін жеткізген. 

– Біз 300 тонна картоп экспорттадық. 200 тоннаға да келісімшарт бар. Бірақ әлі экспортқа шығарылған жоқ. Сондықтан да, біз алдын алу шараларын дер уақытында қабылдаймыз, – деп сөзін қорытындылады Ұлттық экономика министрі. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу